RU
Толық нұсқаға өту

Илон Маск АҚШ-тың мемлекеттік шығынын бір триллион долларға қысқартады

28.03.2025, 08:41 735

Илон Маск АҚШ-тың мемлекеттік шығынын 1 трлн долларға қысқартпақ.

Бұл туралы миллиардер «Фоксньюс» телеарнасына берген сұхбаты барысында мәлімдеді. Қазір Америка үкіметінің шығыны 7 трлн долларға жетеді. Илон Масктың сөзінше, осыған дейін биліктегілер бюджет қаржысын оңды-солды жұмсап келді. Мәселен, Мемлекеттік тиімділік департаменті таяуда интернет-сауалнамаға 1 млрд доллар кеткенін анықтаған. Миллиардер қазынаға жөнсіз қол сұқпай, ақша ақылмен жұмсалса, сауалнаманы жүргізуге бас-аяғы 10 мың доллар кетер еді деп есептейді. Ең қызығы, сауалнаманың нәтижесі еш жерде қолданылмаған екен. Миллиардер осындай шығындарды қысқарту арқылы әлеуметтік жобаларға басымдық берілетінін айтты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz