RU
Толық нұсқаға өту

Мьянмада төтенше жағдай жарияланды

29.03.2025, 15:14 613

Мьянмада төтенше жағдай тәртібі жарияланды, деп хабарлайды 24kz.

Кеше мұнда зілзала болған еді. Магнитудасы 7,7-ге жеткен. Құрбандар саны сағат сайын артып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша 1002 адам опат болған. Тағы 2,5 мыңдайы жараланды. Жергілікті билік әлемдік қауымдастықтан көмек сұрап отыр. Қытай, Үндістан, Ресей, Малайзия құтқарушылары мен дәрігерлерін жіберген. Еуроодақ 2,5 миллион еуро бөлді. БҰҰ миллион доллар аударды. Халықаралық ұйым өкілдері табиғат апаты елдегі онсыз да қиын жағдайды ушықтырып жіберетінін ескертеді. Айтуларынша, зілзалаға дейін мұнда 20 миллион адам гуманитарлық көмекке мұқтаж болған.

Мьянмамен көршілес Таиландта да зілзаладан 10 адам қаза тауып, жүзден астамы жоғалып кетті. Мұнда салынып жатқан 30 қабаттық ғимарат опырылып құлады. Үйінділер астында ондаған адам болуы мүмкін.

Пхэтхонгтхан Чиннават, Таиланд премьер-министрі:

- Таиландта зілзаладан кейін жағдай тұрақталды. Бангкокта бір ғана ғимарат опырылып құлады. Ол құрылысы бітпеген нысан болатын. Одан басқа ғимараттарға елеулі нұқсан келтіріген жоқ. Құзырлы органдарға жіті тексеру жүргізуді тапсырдық. Олар нысанның неге шыдас бермегенін анықтап, келешекте ондай оқиғаларды болдырмауға тырысамыз. Бізде жер сілкінісі сирек болады. Жапа шеккендердің барлығына көмек көрсетіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz