Мьянмадағы жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 1644 адамға жетті. Тағы 3400-ден астамы жараланып, 139-ы із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы BBC телеарнасы хабарлады.
Қуаты 7,7 балдық жерасты дүмпулері Бангладеш, Үндістан, Қытай және Лаос сияқты бірқатар елде сезілді. Таиландта 77 афтершок тіркелген. Бангкокта 11 адам ажал құшып, 42 тұрғын зардап шекті. Таиланд астанасы мен Мьянманың 6 аймағында төтенше жағдай жарияланған. Іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы зардап шеккендерге көмек ретінде 5 миллион доллар бөлді.
Тегтер #Мьянма #Таиланд #жер сілкінісі #зілзала құрбандары #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz