RU
Толық нұсқаға өту

Илон Маск екі компаниясын біріктірді

30.03.2025, 09:30 812

Америкалық миллиардер Илон Маск екі компаниясын біріктірді. Кәсіпкердің жасанды интеллектімен айналысатын X.AI компаниясы Х әлеуметтік желісін 33 миллиард долларға сатып алды. Жаңа құрылым X.AI Holdings деп аталады. Оның нарықтағы құны 100 миллиард долларға бағаланып отыр.

Кәсіпкердің айтуынша, бұл жасанды интеллект пен 600 миллион белсенді қолданушысы бар платформаның мүмкіндіктерін біріктіру үшін жасалған. Маск 2,5 жыл бұрын Х әлеуметтік желісін 45 миллиард долларға сатып алған еді. Миллиардер сондай-ақ Tesla, SpaceX және Neuralink компанияларына иелік етеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz