Мьянмадағы жойқын зілзала ел экономикасын титықтатты.
Кейбір деректер бойынша 7,7 баллдық жер сілкінісінен келген шығын 70 млрд долларға жетуі мүмкін. АҚШ пен Еуроодақ және Канада санкциясының құрсауындағы Мьянма экономикасы үшін бұл үлкен соққы болып тиеді, - дейді халықаралық қаржыгерлер.
Жойқын зілзала елдегі саяси ахуалға да әсер етті. Мьянмада екі аптаға тыныштық орнады. Жауласқан екі тарап, яғни төңкерістен кейін құрылған Ұлттық бірлік үкіметі және оппозициялық Біріккен Ва мемлекетінің армиясы қиян-кескі ұрысты уақытша тоқтатуға келісті. 2021 жылы елдегі билік әскерилердің қолына көшкен еді. Содан бері Мьянмада қарулы қақтығыс тоқтаған емес.
Тегтер #Мьянма #жер сілкінді #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz