RU
Толық нұсқаға өту

UNICEF: Мьянма гуманитарлық дағдарысқа ұшырады

31.03.2025, 12:00 1004

Мьянма гуманитарлық дағдарысқа ұшырады.

Оның салдары ең алдымен балаларға тиеді. ЮНИСЕФ өкілдері осылай деп дабыл қағып отыр. Өйткені 2021 жылдан бері азаматтық соғыстан көз ашпай келе жатқан елде азық түлік жетіспей, ахуал нашарлаған. 

Ал гуманитарлық көмек жеткізуді шектеу жағдайды күрделендіріп жіберген. Салдарынан жақында болған зілзаладан 7 млн-ға жуық бала аштыққа ұшыруы мүмкін, дейді халықаралық ұйым өкілдері. ЮНИСЕФ мәліметінше, 2025 жылы гумантитарлық көмек бағдарламасы бойынша қаражаттың тек 10 пайызы ғана бөлінді. Мамандар Мьянмадағы балаларға көмек жеткізуді ретке келтіруге шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz