Канаданың орталық бөлігінде орналасқан Онтарио провинциясында 400 мыңнан аса үй жарықсыз қалды. Оған мұз аралас жаңбыр мен дауыл себеп.
Дүлей жел ағаштарды тамырымен қоса жұлып, электр тарату желілерін үзген. Осы сағатқа дейін тек 100 мың үйге жарық берілген. Өңірде қолайсыз ауа райы салдарынан ондаған көлік апаты тіркелді. Билік тұрғындарды алыс сапарға шықпауға шақырып отыр.
Тегтер #Канада #жарық #дауыл #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz