RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та дауылдан үш адам қаза тапты

01.04.2025, 10:12 484

АҚШ-тың Мичиган штатында дүлей дауыл 3 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды 24kz.

Желдің екпіні сағатына 153 шақырымға жеткен.

Ағаштар опырылып, ондаған үйге зақым келді және электр желілері үзілді. «Рейтер» 200 адамның жарықсыз отырғанын хабарлаған. Төтенше қызмет өкілдері электр жарығын қалпына келтіруге барын салып жатыр. Жұмыс ауқымы үлкен болғандықтан, қосымша бригадалар тартылған. Билік штат тұрғындары мен қонақтарына жолға шықпауды ескертті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz