Грекияның Миконос және Парос аралдарында алапат су тасқыны жүріп, мектептер жабылды.
Онда бір күннің ішінде жауын-шашынның айлық мөлшері түскен. Билік қауіп-қатердің ең жоғары қызыл деңгейін енгізді. Көлік қатынасы тоқтатылған. Табиғи апат аумағында іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр. Көптеген кәріз жүйелері бітеліп қалған. Мамандар оларды тазартып, суды тәулік бойы сорып әлек. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Метеорологтар мәліметінше, аралдарда апта соңына дейін жауын-шашын мол болады.
Тегтер #Грекия #су тасқыны #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz