Алдағы 30 жылда Жапонияда жойқын зілзала болуы мүмкін.
Оның ықтималдығы 80 пайыз. Жергілікті ғалымдар осылай деп ескертеді. Олар жер сілкінісінің магнитудасы 9-ға жетуі мүмкін деп топшылайды. Мұндай жағдай араға 100-200 жыл салып қайталанады екен. Зерттеушілердің есебінше табиғат апатынан 2 жарым миллион құрылыс опырылып, 300 мың адамның қаза табу қаупі бар. Сондай-ақ зерттеушілер жер сілкінісінен кейін Нанкай жарығында цунами болуы мүмкін екенін ескертеді. Ол Хонсю аралынан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Былтыр жазда мұнда магнитудасы 7,1 болатын зілзала тіркелген еді. Осыдан кейін сейсмологтар өңірдегі ахуалға қатты алаңдай бастаған.
Тегтер #Жапония #зілзала #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz