RU
Толық нұсқаға өту

Дональд Трамптың дәулеті екі есе артты

02.04.2025, 14:15 704

Бір жылда Дональд Трамптың дәулеті де екі есе артып, қазір 5 миллиард доллардан асты. Тиісті деректер Forbes журналының жыл сайынғы рейтингісінде жарияланды.

АҚШ Президенті криптовалютаға көп инвестиция құйған. Мамандар оның табысының күрт артуына осы жайт әсер еткенін айтады. Forbes деректеріне сәйкес Трамп дәулетін негізінен жылжымайтын мүлік құрайды. Сондай-ақ гольф-клубтары, шарап жасайтын зауыты мен жеке ұшағы бар. Биыл Forbes тізіміне 3 мыңнан аса миллиардер кірген. Бұл рекордтық көрсеткіш.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz