Мьянмада зілзала құрбандарының саны тағы артты, деп хабарлайды 24kz.
Соңғы мәлімет бойынша табиғат апатынан 3003 адам қаза тапты. 4,5 мыңы жарақат алды. Тағы 351 тұрғын із-түзсіз жоғалғандар санатында. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Естеріңізде болса, 28 наурызда елде жер сілкініп, магнитудасы 7,7-ге дейін жеткен. Табиғат апатына байланысты елде 7 күндік ұлттық аза тұту жарияланған. Ол 6 сәуірге дейін жалғасады. Жерасты дүмпулері көрші Таиландта да сезілген. Мұнда салынып жатқан 30 қабаттық ғимарат опырылып құлап, соңғы дерек бойынша 17 адам адам опат болған.
Тегтер #Мьянма #жер сілкінісі #құтқару операциясы #қаралы күнPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz