RU
Толық нұсқаға өту

Мьянмада табиғи апат құрбандарының саны 3003-ке жетті

03.04.2025, 09:00 656

Мьянамада зілзала құрбандарының саны 3003 адамға жетті. 

4 жарым мыңнан астамы жараланды. Бұл туралы "Эй-Пи" агенттігі хабарлады. Іздестіру-құтқару операциясы әлі жалғасып жатыр. Сондай-ақ елге Қытай, Ресей мен Үндістаннан құтқарушылар тобы келді. Қақтығыстан көз ашпай келе жатқан Мьянмада қарсылас қарулы топтар арасында 22 сәуірге дейін оқ атпау туралы уақытша бітім жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, 7,7 балдық жер сілкінісі 28 наурызда болған еді. Ел бір апта аза тұтты. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, 3 миллионнан астам мьянмалық баспанасынан айырылды. Жерасты дүмпулері Үндістан, Таиланд, Қытай мен Вьетнамда да сезілген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz