Пәкістанда заңсыз жүрген барлық шетелдікті депортациялау ісі басталды.
Бірінші кезекте ауған азаматтары қуылмақ. Оларға елдің Ішкі істер министрлігі 31 наурызға дейін мұрсат берген.
Үлгермегендер енді шекарадан күшпен шығарылып жатыр. Шекара бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасқан. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Пәкістанда Ауғанстанның 800 мыңнан астам азаматы тұрып жатыр. "Әмнеэсти Интернәшнл" ((Amnesty International)) халықаралық құқық қорғау ұйымы Пәкістан билігінің шетелдіктерді депортациялау шешімі түсініксіз және нақтылы құқықтық негізі жоқ дейді.
Тегтер #Пәкістан #шетелдік #депортация #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz