Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Дональд Трамп енгізген тарифтерді қатаң сынға алды. Ол бұл әрекет әлем бизнесі мен экономикасы үшін ауыр соққы деп бағалаған. Еуроодақ өз экономикалық мүддесін қорғау және кәсіпорындарын қолдау мақсатында 26 миллиард еуро бөлмек.
Айта кетейік, Трамп еуроаймақ елдерінен келетін тауарларға 20%-тік салық салды. Бұдан бөлек, жеңіл және жүк көліктері мен оларға арналған бөлекшерді әкелуге тариф енгізген.
Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия төрағасы:
- Біздің ежелгі одақтастымыздың әрекетіне байланысты бәріңіздің қатты ренжіп тұрғаныңызды жақсы білемін. Бізге енді оның теріс салдарына дайындалу қажет. Бірақ Еуропаның бұл келеңсіздіктен жақсы өтуге барлық мүмкіндігі бар. Біз әлемдегі ең үлкен бірыңғай нарыққа иеміз. Тұтынушылар саны 450 миллионнан асады. Бұл біздің қауіпсіздігіміз. Біз болат және автокөлік саласын қолдау шараларын қабылдауға кірісіп кеттік. Енді болат қорыту, автокөлік және дәрі-дәрмек өндірісі бойынша кеңесеміз.
Тегтер #Еурокомиссия #Дональд Трамп #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz