RU
Толық нұсқаға өту

БАӘ мен АҚШ арасында әуе билеттері қымбаттауы мүмкін. LIVE

03.04.2025, 19:25 685

АҚШ президенті Дональд Трамптың салық саясаты Таяу Шығыс мемлекеттерін де айналып өтпеді. Олардың қатарында Біріккен Араб Әмірліктері де бар.

Рауан Мыңбай, тілші:

- АҚШ билігі араб мемлекеттерімен де сыртқы сауда саясатын біршама өзгертті. Шығанақ нарығынан мұхит асатын тауарларға енді 10-нан 30%-ке дейінгі аралықта баж салығы қолданылады. Әмірліктер үшін оның мөлшері 10% деп белгіленген. Жалпы бұл елдің АҚШ-пен сауда қатынасы мұнай өнімдерін қоспағанда 35 млрд долларға жуықтайды. Оның басым бөлігі – америкалық экспорт. Бір анығы, жаңа тариф араб даласынан өндірілетін қара алтын және басқа да энергия көздеріне қолданылмайды. Бұған дейін де солай болған. Бір айта кетерлігі, араб мемлекетінің америкалық тауарларға қатысты өз ұстанымы бар. Біркелкі тарифтер бұған дейін қолданылып келген. Қазір америкалық тарап ұсынған сауда саясаты соған жауап саналады. Ел билігі Вашингтонның әрекетіне қатысты әзірге еш мәлімдеме жасаған жоқ. Тек мамыр айында Дональд Трамптың Біріккен Араб Әмірліктеріне арнайы сапармен келетіні мемлекеттік бақ беттерінде жарияланды. Тағы бір ерекшелік, АҚШ-пен арасы алшақ болса да, тікелей әуе рейстері көп әмірліктерде енді құрама штаттарға қатынайтын әуе рейстерінің құны қымбаттауы мүмкін. «Мұндай жағдай тарифтердің жанама әсері есебінен болады», – дейді жергілікті сарапшылар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz