RU
Толық нұсқаға өту

Tesla сатылымдары 13% төмендеді

04.04.2025, 07:25 594

Tesla көліктері өтпей жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Өткен үш айда америкалық компанияның саудасы 13%-ке төмендеп, бас-аяғы 337 мың электрмобиль сатылған. Бұл – кейінгі 3 жылдағы ең төмен көрсеткіш. Әсіресе, Еуропа теріс айналған.

Сарапшылар: «Бұған өндірушінің ең негізгі моделінің жаңартылуы себеп», - дейді. Сондай-ақ компания басшысы Илон Маск те біреуге ұнаса, біреуге жақпайды. Ол АҚШ билігіне келгелі мыңдаған қызметкер жұмыстан кетті. Мұның себебі мемлекеттің шығынын азайту болғанмен, оның қаншалықты әділ жүзеге асып жатқаны белгісіз. Алыпқашты сөз көп. Сөйтіп, Илон Маскке шамасы келмегендер ашуын Тесладан алып жатуы да кәдік. Кейінгі 4 айда компания акциялары 40% арзандаған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz