RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та торнадо салдарынан 7 адам ажал құшты

04.04.2025, 09:12 524

АҚШ-тың оңтүстігі мен орталық-батысында кемінде 15 торнадо соқты, деп хабарлайды 24kz.

Құйын жүздеген үйді жайпап, көліктерді қиратып, электр желілерін үзген. Желдің екпіні сағатына 240 шақырымға жетті. Кейбір жерде жай да түскен.

Табиғаттың тосын мінезінен 7 адам ажал құшты. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Жараланған тұрғындар да бар. Табиғи апаттан Техас, Арканзас, Теннесси, Кентукки, Индиана және Миссури штаттары зардап шеккен. Сондай-ақ дауыл жауын-шашын әкеліп, соңы тасқынға ұласты. Метеорологтар апта бойы күн райы қолайсыз болады деп болжап отыр. Жалпы бұл елде жылына 800-ге жуық торнадо болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz