RU
Толық нұсқаға өту

Израиль Газадағы мектепті бомбалап, 33 адамды өлтірді

04.04.2025, 10:14 807

Израиль Газа секторының солтүстігіндегі мектепті бомбалап, 33 адамды өлтірді, деп хабарлайды 24kz.

Тағы 70 палестиналық жараланған. «Әл-Жазира» телеарнасының хабарлауынша, марқұмдардың көбі балалар мен әйелдер.

Мектеп ғимаратында баспанасынан айырылған тұрғындар болған. Ал Израиль билігі: «Онда ХАМАС қозғалысының басқару орталықтарының бірі орналасқан», - дейді. Қайғылы оқиға орнында дәрігерлер мен құтқарушылар жұмыс істер жатыр. Қиранды астында әлі де адамдар болуы мүмкін.

Айта кетейік, Израиль әскерінің шабуылдарынан жалпы 1 күнде 112 палестиналық қаза тапқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz