АҚШ тарифтерінен әлемдегі ең ауқатты 500 адамның дәулеті бір күнде 208 миллиард долларға азайды. Өйткені нарықта акциялары құлдырады.
Бұл коронавирус пандемиясынан кейін болмаған жағдай. Әсіресе америкалық милилардерлер зор шығынға батты. Оның ішінде «Мета» платформасының иесі Марк Цукерберг пен «Амазон» компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос бар. Екеуі 33 миллиард долларынан айырылған. Әлемдегі ең бай адам Илон Маск 11 миллиард доллар жоғалтты.
Тегтер #ақш тарифтер #ең бай адамдар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz