RU
Толық нұсқаға өту

Трамптың тарифтер енгізуі үлкен саяси қателік болды — Дэн Айвс

05.04.2025, 13:30 910

Президент Дональд Трамптың өзге елдерге тариф енгізу туралы шешімі АҚШ қор нарығын есеңгіретіп тастады. Соңғы 2 тәулікте алып компаниялар 7 трлн доллар жоғалтты.

Олардың қатарында әйгілі Microsoft, Meta, Amazon, Google, Tesla мен Аpple бар. Американың басты үш индексі екі күнде шамамен 5-6%-ке құлдырады. Мәселен, 3 мыңнан аса компанияның әл-ахуалын көрсететін «НАСДАК» индексі бүгін тағы 5,82%-ке төмендеді. Ал 500-ден аса компанияның құнды қағазының құнын көрсететін S&P индексі 5,97%-ке арзандады. 

Дэн Айвс, Wedbush Securities комапниясының басқарушы директоры:

- Меніңше, тарифтер күшіне енсе, рецессия болатынына күмән жоқ. Баж салығының көлемін қайта қарамаса, екінші тоқсанда жалпы ішкі өнім өспейді. Текетіресте Қытай ұтады. Оның технологиясы қарыштап дамып келеді. АҚШ бұл салада көшбасшы емес. Менің ойымша, Трамптың тарифтер енгізуі – АҚШ-тың соңғы 100 жылдағы тарихындағы ең үлкен саяси қателік.

Ал Қытай Трамптың тарифіне қатысты Дүниежүзілік сауда ұйымына шағым түсіріп, қарымта баж салығын енгізді. Бұл әлемдік қор нарығындағы жағдайды одан сайын теңселтті. Алайда Трамптың пікірінше, ірі бизнес бұған аса алаңдап отырған жоқ. Керісінше, шара АҚШ экономикасына оң әсер етеді дейді. Бірақ сарапшылар бұдан жаһандық сауда баяулап, әлемдік экономикалық тұрақсыздық күшейеді деп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz