Армения билігі Еурордаққа қосылуға ниетті. Тіпті ұйымға кіруге қажетті іс-шараларды бастап кетті. Бүгін президент тиісті заңға қол қойды. Мұны Армения басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған дейін құжатты парламент қабылдаған еді. Оған 64 депутат дауыс берсе, жетеуі қарсы шыққан. Премьер-министр Никол Пашинянның айтуынша, халық қалауы ескеріледі. Алдымен елде референдум өткізіледі. «Тек соның нәтижесінен кейін ғана Еуроодақ мүшелігіне өту-өтпеуіміз белгілі болады», – дейді.
Тегтер #Армения #Еуроодақ #референдум #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz