Газа секторы халқының 90%-і баспанасынан айырылды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл – 1 милллион 900 мыңға жуық адам. Мұндай мәліметті Біріккен ұлттар ұйымының Таяу Шығыстағы өкілдігі келтірді.
Палестиналықтардың жылы орнын суытуына Израиль әскерінің үздіксіз шабуылдары себеп. Баспана көрмей, қаңғып қалғандардың арасында мыңдаған бала бар. Барлық босқындар лагерьлері адамдарға лық толы. Оларға азық-түлік, ауызсу, дәрі-дәрмек, тазалық заттары жетіспейді. Наурыз айынан бері гуманитарлық көмек жіберілмей жатыр. Ал Израиль әуе соққылары мен құрлық операцияларын тоқтатар емес.
Тегтер #БҰҰ #Газа секторы #баспана #Израиль әскеріPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz