Франция Еуроодақта босқындар тарапынан пана сұраған өтініштер саны бойынша көш бастады, деп хабарлайды 24kz.
Еурокомиссияның есебі бойынша жыл басынан бері бұл елге 41 мың өтінім түскен. 39 мың өтінімге ие болған Испания екінші орында.
Одан 1 мыңға кем Германия үшінші орынға табан тіреді. Мигранттардың Венгрия мен Словакияға қызығушылығы төмендеген. Кәрі құрлыққа келгісі келетін шетелдіктер қатарында венесуэлалықтар көп. Олардың үлесі биыл 44%-ке артқан.
Тегтер #Франция #Еуроодақ #босқындар #өтінішPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz