Мьянмада зілзала құрбандарының саны 3,5 мыңнан асып кетті, деп хабарлайды 24kz
Тағы 5 мың адам жараланған. Ізім-ғайым жоғалып кеткен 210 тұрғын әлі табылмады. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Бірақ оларға ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіріп тұр. Табиғат апаты болған өңірде жаңбыр жауып, түрлі аурулардың таралу қаупін арттырды. Ол аздай, күшті жел соғып, шатырлы лагерьдің астаң-кестеңін шығарды. Онда зілзаладан кейін баспанасыз қалғандар тұрып жатқан. Мьянмада 28 наурыздағы жер сілкінісінің магнитудасы 7,7 балға жетті. Қазір Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекетке әлемдік қауымдастық жәрдемдесіп жатыр. Бірақ әскерилер билігі мен көтерілісшілер арасындағы қарулы қақтығыс оған кедергі келтіріп отыр.
Тегтер #Мьянма #жер сілкінісі #іздестіру жұмыстары #табиғат апатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz