RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та тасқыннан 18 адам көз жұмды

07.04.2025, 09:37 587

АҚШ-та тасқын құрбандарының саны артып, 18 адамға жетті, деп хабарлайды 24kz.

Марқұмдардың көбі елдің шығысындағы Теннесси штатының тұрғындары. Өңірмен көршілес тағы 4 штатта ауа райына байланысты қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды.

Аймақта осымен бірнеше күн нөсер толастамай тұр. Жергілікті өзендерде су деңгейі күрт көтерілген. Тасқын салдарынан 126 мың үй жарықсыз қалды. 6 мыңнан аса әуе рейсі кейінге шегерілді. Қауіпті аймақта 40 миллионнан аса адам тұрады. Қазір тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz