RU
Толық нұсқаға өту

50-ден аса ел АҚШ-пен тариф бойынша келіссөздер жүргізуге ниет танытты

07.04.2025, 10:17 607

Дональд Трамптың баж салығынан кейін 50-ден аса мемлекеттен сауда келіссөзін жүргізу туралы ұсыныс түсті, деп хабарлайды 24kz.

Бұл туралы Ақ үйге қарасты Ұлттық экономикалық кеңестің директоры Кевин Хассетт жария етті. Десе де, ол нақты қай елдер екенін ашып айтпады.

Өткен аптада АҚШ Президенті 185 мемлекеттен келетін тауарларға тариф енгізген еді. Оның ең төменгі межесі 10%-тен басталады. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы елдер үшін баж салығының мөлшері 49%-ке дейін жетеді. 185 елдің тізімінде Ресей жоқ. Экономистің түсіндіруінше, Президент келіссөз жүріп жатқасын оны қоспау шешімін қабылдаған. Трамптың сауда саясатынан кейін қор нарығы құлдырап, наразылық акциялары көбейіп кетті. Кевин Хассетт бұған қатысты былай дейді.

Кевин Хассетт, АҚШ Ұлттық экономикалық кеңесінің директоры:

- Мұндағы мақсат нарықты құлдырату емес. Бұл америкалық жұмысшылар үшін Алтын ғасыр орнауы үшін жасалып отыр. Елде 15 жыл бойы жалақы тек төмендеп келді. Экономикадағы жағдайды өзгерту үшін халық Дональд Трампты таңдады. Президент америкалықтардың қалауын орындаумен айналысып жатыр. Біз алдыңғы айлардың статистикасын алдық. Соған сәйкес, өңдеу өнеркәсібінде жұмыспен қамту деңгейі артқан. Трамп билікке келгелі автомобиль өнеркәсібінде 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Джо Байден кезінде бүкіл бір жыл ішінде мұндай көрсеткішке жетпеген едік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz