АҚШ-та қызылша өршіп барады, деп хабарлайды 24kz.
Ауру жұқтырғандар, әсіресе, Техаста көп. 650-ге жуық деректің 500-і осы штатта тіркелген. Дерттен екі бала көз жұмды. Мамандар аурудың тез таралуын діни қауымдастықтармен байланыстырады. Олардың арасында вакциналау деңгейі төмен. Ресми дерек бойынша қызылшаны жұқтырған америкалықтардың 97%-і екпе салдырмаған болып шықты.
Тегтер #АҚШ #Техас штаты #қызылша ауруы #вакциналауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz