RU
Толық нұсқаға өту

ХАМАС Израиль аумағын зымыранмен шабуылдады

07.04.2025, 11:57 517

Палестиналық ХАМАС ұйымы Израиль аумағын зымыранмен атқылады, деп хабарлайды 24kz.

Жартысын қорғаныс жүйесі атып түсірген. Қалғандары тұрғын аудандарға құлап, бірнеше адам жараланды.

Бұдан бөлек, шабуылдан Ашкелон қаласында үйлер мен көліктерге зақым келген. Еврей елінің билігі бұған қатаң жауап қайтаратынын жеткізіп, Газа секторындағы әскери операцияны кеңейтуге бұйрық берді. Израиль қарулы күштері 18 наурызда өңірде әскери операциясын қайта бастаған еді. Оған ХАМАС-тың бейбіт бітім шарттары мен тұтқындары босатудан бас тартуы себеп.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz