RU
Толық нұсқаға өту

Иран АҚШ шабуылынан қауіптеніп отыр

07.04.2025, 12:11 593

Иран қарулы күштері жоғары әскери дайындық жағдайына көшірілді, деп хабарлайды 24kz.

Өйткені бұған дейін Дональд Трамп: «Ресми Тегеран ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер жүргізуге келіспесе, Ислам республикасын бомбалауымыз мүмкін», - деп сес көрсеткен еді. Иран Ақ үй басшысының ұсынысынан бас тартты. Десе де, Оман арқылы келіссөздер жүргізуге дайын екенін жеткізген. Бірақ Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Бахрейн және Түркияға ескерту жасаған. Онда бұл елдер америкалықтарға қолдау көрсетіп, әуе кеңістігін пайдалануға берсе қарсы шаралар қолға алынатыны айтылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz