АҚШ-тың орта батысы мен оңтүстік аймақтарында су тасқынынан құрбан болғандар саны 22 адамға жетті. Бұл туралы жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасаған "Би-Би-Си" телеарнасы хабарлаған.
Ажал құшқандардың жартысына жуығы – ТеннессИ штатының тұрғындары. Миссури, Кентуки, Миссисипи, Джорджия мен Арканзас өңірлерінде де адамдар опат болды. Көз жұмғандар арасында балалар мен қарттар бар. Аймақта өзендер таси бастаған. Америкалық ақпарат құралдары 9 миллион тұрғынға қауіп төніп тұр деп жазды. Елдегі қайырымдылық қорлары тасқыннан зардап шеккендер үшін ақша жинап жатыр.
Тегтер #АҚШ #зілзала #құрбандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz