Еуроодақ жаңа нарықтарға шығып, іскерлік байланысты кеңейтуге ниетті. Бұл туралы Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.
Оның айтуынша, ұйымның әріптестікті кеңейтіп, сауда-саттықты арттырмақ мемлекеттер тізімі құрылған. Олардың қатарында Үндістан, Таиланд, Малайзия, Индонезия, Швейцария бар. Еуроодақ Дональд Трамптың жаңа тариф саясатынан қауіптеніп отыр. Сондықтан АҚШ билігімен келіссөз бастауға әзір екенін білдірген.
Урсула Фон Дер Ляйен, Еуропалық комиссия президенті:
- Тарифтерден, ең алдымен, АҚШ кәсіпкерлері мен халқы зардап шегеді. Әлемдік экономикаға да кері әсері көп болады. Әсіресе дамушы елдердің жағдайы қиындайды. Еуроодақ АҚШ-пен келіссөздер жүргізуге әрдайым дайын. Біз өнеркәсіптік тауарларға нөлдік тариф ұсындық. Енді жағдайдың қалай өрбитіні АҚШ тарапына байланысты. Әрине, ортақ келісімге келе алмасақ, қарымта шаралар қабылдауға мәжбүр боламыз.
Тегтер #Еуроодақ #нарық #Урсула фон дер Ляйен #әріптестік #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz