RU
Толық нұсқаға өту

Израиль ереуілшілері Газадағы қақтығысты тоқтатуды талап етті

08.04.2025, 12:20 512

Тель-Авив көшелеріне мыңдаған израильдік шықты. Олар Газа секторындағы тұтқында отырған отандастарын босатуды және қақтығысты тоқтатуды талап етіп жатыр. 

BBC ақпараты бойынша ХАМАС түрмелерінде әлі 59 израильдік қамауда отыр. Ереуілшілер премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға «Газа секторынан әскерді алып шық және палестиналық анклавқа шабуыл жасауды доғар» деген талап қойған. Израиль билігі әуе шабуылдары мен құрлық операциясын 18 наурыздан бері күшейтті. Қазіргі сәтке дейін мыңнан астам палестиналық қаза тапқан. ЮНИСЕФ олардың 30% жуығы – балалар деп мәлімдеген. Тағы 2 мыңнан астамы жараланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz