RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Қытайға тағы салық салуы мүмкін

08.04.2025, 16:12 580

Қытай мен АҚШ арасындағы экономикалық текетірестің жуық арада тоқтайтын түрі жоқ, деп хабарлайды 24kz.

Трамптың салықты 50%-ке дейін арттырам деп қорқытуына ресми Бейжің шұғыл жауап қайтарды. Көрші ел билігі Американың бұл қадамын қатаң айыптады. Тарифті көтеру арқылы көрсеткен қоқан-лоқысына Қытай дәл солай жауап беруге бекініп отыр. Бұл туралы Қытайдың Сауда министрлігі жария етті.

«АҚШ-тың Қытайға қарсы тарифті қайта-қайта көтеруі қате іс. Бұл оның бопсалауға бейімділігін көрсетеді. Сондықтан мұнымен еш уақытта келіспейміз. Егер Құрама Штаттар бағаны көтерсе Қытай қарап қалмайды. Өз тәсілін өзіне қолданады», - делінген хабарламада.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz