RU
Толық нұсқаға өту

Audi компаниясы АҚШ-қа көлік жеткізуді тоқтатты

08.04.2025, 18:57 535

Германияның әйгілі Audi компаниясы АҚШ-қа көлік жеткізуді тоқтатты, деп хабарлайды 24kz.

Шешім президент Дональд Трамптың 2 сәуірде шетелдік көліктер мен қосалқы бөлшектерді әкелуге баж салығын енгізгеннен кейін қабылданған. Дерекке қарағанда, қазір штаттардағы қоймаларда 37 мыңнан астам Audi көлігі бар. Оларды сатуға шамамен 2 ай кетуі мүмкін. Неміс компаниясының АҚШ-та зауыттары жоқ. Бірлестік ол жаққа барлық көлігін сырттан әкеледі. Мысалы Audi Q5 кроссовері Мексикада құрастырылса, қосалқы бөлшектері Еуропадан тасымалданады. Осының алдында британиялық компания да штаттарға көлік жеткізуді 1 айға тоқтатып қойған болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz