АҚШ-та Бостон тұрғындары қала көшелеріне шығып, наразылық танытты, деп хабарлайды 24kz.
Жұрттың ашуын тудырған басты мәселе – азық-түлік бағасы. Дональд Трамптың импортқа баж салығын көтеру туралы жарлығынан кейін баға шарықтаған.
Жиылған жұрт: «Ақ үй басшысының тариф саясатынан жұмыс орындары қысқарып, экономика әлсірейді», - деп санайды. Білікті қаржыгерлердің топшылауынша, баға 6%-ке өсуі мүмкін. Салдарынан екі айда елді қайта қымбатшылық жайлауы мүмкін.
Наразылық шарасына қатысушы:
- Азық-түлік бағасы көтеріледі. Өйткені бізде теңіз өнімдерінің 79-85%-і сырттан келеді. Сауда-саттық пен саясатты араластырмау керек. Американың болашағы бұлыңғыр болып барады.
Тегтер #АҚШ #Трамп саясаты #тариф саясаты #шеруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz