Вьетнам баж салығы бойынша АҚШ-пен келіссөз бастамақ, деп хабарлайды 24kz.
Жаңа тарифті енгізу мерзімін 45 күнге шегеруді сұрады. Осы аралықта ресми Ханой Америка көтерген мәселелерді қайта қарамақ. Сондай-ақ Құрама Штаттарда шығарылатын өнімдерді сатып алу көлемін арттыруға әзір екенін жеткізді. АҚШ Вьетнамнан импортталатын тауарларға 46%-тік баж салығын салмақ. Жаңа тариф ертең, 9 сәуірден бастап күшіне енуі тиіс. Былтыр екі ел арасындағы сауда-саттық 150 млрд долларға жеткен. Соның 137 млрд доллары Вьетнамға тиесілі. Сондықтан ел үкіметі мәселені келіссөзбен реттеуге ниетті.
Тегтер #Вьетнам #АҚШ #баж салығыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz