RU
Толық нұсқаға өту

Ресейдің бірнеше аймағында орман өртеніп жатыр

09.04.2025, 07:25 651

Ресейдің Забайкалье өлкесінде 7 бірдей елді мекенде орман өрті дес бермей тұр. Әсіресе Чита аймағында жағдай қиын. Мұнда 2 мың гектарға жуық жер отқа оранып, төтенше жағдай жарияланды.

Тілсіз жаудың әзірге 11 ошағы сөндірілген. Мамандар қатты жел жағдайды қиындатып тұр дейді. Отты сөндіруге 60-қа жуық құтқарушы жұмылдырылған. Бұдан бөлек, Дағыстанда да орман өртеніп жатыр. Мұнда от таулы алқаптан шыққан. Өрт сөндіруге 320 құтқарушы тартылды. 

Әлисұлтан Қасбұлатов, Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару тобының орынбасары:

- Таулы аймақ болғандықтан, өрт шыққан жерге жету қиын. Тілсіз жауды ауыздықтауға жел де кедергі келтіріп тұр. Енді «Өртті отпен басу» тәсілін қолданбақпыз. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz