RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ пен Ресей делегациялары Ыстанбұлда кездеседі

09.04.2025, 09:20 1005

АҚШ пен Ресей делегациялары Түркияның Ыстанбұл қаласында кездеседі. Бұл туралы Құрама Штаттар Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Тэмми Брюс мәлімдеді. Кездесуде АҚШ пен Ресей елшіліктерінің жұмысын қалпына келтіру мәселесі талқыланады.

Тэмми Брюс, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі:

- 10 сәуірде АҚШ пен Ресей делегациялары Ыстанбұлда екіжақты миссияларымыздың жұмысын одан әрі тұрақтандыру бойынша ілгерілеушілікке қол жеткізу үшін екінші рет кездеседі. Күн тәртібінде ешқандай саяси немесе қауіпсіздік мәселесі жоқ. Күн тәртібінде Украина мәселесі мүлде көтерілмейді. Бұл келіссөздер тек біздің елшілік жұмысымызды қалыпқа келтіруге бағытталған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz