RU
Толық нұсқаға өту

Дубайда суға тариф көтеріледі. LIVE

09.04.2025, 09:40 433

Дубайда алдағы 3 жылда кәріз жүйесінің тарифтері екі есе қымбаттайды. Мұндай қадам қаланың инфрақұрылымын жаңартып, қызмет сапасын жақсарту үшін жасалып отыр. Бұл ретте шығын төлемақыны көтеру есебінен өтеледі.

Рауан Мыңбай, тілші:

- Араб Әмірліктерінде коммуналдық қызмет саласындағы мәселелерді жекелеген компаниялар реттейді. Әуелгісі су және электр қуатын жеткізсе, енді бірі газ, кейінгісі бөлмені салқындату қызметін ұсынады. Әрбірі дербес ақы алады.

Бір бөлмелі пәтердің коммуналдық шығындарын жабуға орташа есеппен 200 доллар қажет. Ерекшелігі сол, араб мемлекетін жағалай теңіз қоршап тұрғанымен, тұщы суға айтарлықтай тапшылық бар. Бұл әуелден елді қинайтын жайт. Мәселені шешу үшін билік бірнеше сатыдан тұратын су тазарту жүйесін құрған. Тұрғындардың тұтынған тіршілік нәрі қаланың абаттандыру желілеріне жіберіледі. Бұдан бөлек, Дубай шөлейтті жерде орналасқандықтан, мұнда  жауын-шашын сирек. Бірақ климаттың өзгеруі және бұлттарды жасанды әдіспен жылжыту технологиясы олқылықтың орнын толтырғандай. Былтыр Әмірлікте кейінгі 70 жылда болмаған мөлшерде жаңбыр жауып, қала бір сәтте көлкіп шыға келді. Су үйлер мен ғимараттардың ауласына және бірінші қабатын енді. Осыдан кейін қала мэриясы жалпы құны 8,2 млрд долларлық жаңа дренаж желісін салуға кірісті. Жобаға инвестицияның алғашқы бөлігі тартылған.  Шығынды бір есептен кәріз жүйесіне төленетін ақы есебінен өтеу көзделіп отыр. Сондықтан тарифті 3 жыл ішінде екі есе өсіру жөнінде шешім қабылданды. Тұрғындар бір текше метріне қазір 396 теңге төлесе, 2027 жылы оның көлемі 750 теңге шамасында болады. Ал басқа коммуналдық қызмет төлемдеріне қатысты ахуал өзгеріссіз қалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz