RU
Толық нұсқаға өту

Доминикан Республикасы үш күн аза тұтады

09.04.2025, 17:55 485

Доминикан Республикасының астанасы Санто-Домингода түнгі клубтағы қайғылы оқиға бойынша 3 күн қаралы деп жарияланды.

Ғимараттың шатыры ортасына түскен. Бұл кезде іште 300-ге жуық адам болған. "Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, 98 адам ажал құшып, 160-тан астамы жараланған. Опат болғандардың арасында Монте-Кристи провинциясының губернаторы Нельси Круз бар. Қазір апат орнында іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр. Үйінділер астында әлі адамдар бар. Президент Луис Абинадер оқиға орнына барып, марқұмдардың туыстарына көңіл айтты. Сәуірдің 7-сінен 8-іне қараған түні клубта жергілікті танымал әншінің концерті өтіп жатқан. Апат себебін тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz