RU
Толық нұсқаға өту

Apple әлемдегі ең қымбат компания атағынан айырылды

09.04.2025, 22:00 669

Apple әлемдегі ең қымбат компания атағынан айырылды.

Бұған Дональд Трамптың тариф саясаты себеп. Компания акцияларының құны 22 пайызға төмендеген. Салдарынан табысы 750 млрд долларға қысқарып, капиталы 2 трлн 590 млрд долларға дейін құлдырады. Енді ((Microsoft)) МАЙКРОСОФТ көш бастады. Компания капиталы - 2 трлн 640 млрд-қа тең.  Ірі технологиялық компаниялардың ішінде Apple қатты зардап шекті.  Өйткені компания өндірісі Қытайға тәуелді. Сондай-ақ Үндістан, Вьетнам және Таиландта да зауыттары бар. Ал Дональд Трамп ең көп баж салығын осы елдерге енгізген. Сондықтан сарапшылар айфондардың бағасы еселеп қымбаттайды. Өйтпеген жағдайда Apple-дің табысы едәуір қысқарады, дейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz