RU
Толық нұсқаға өту

Түркия тариф саясатында ұтылмайды

10.04.2025, 08:35 536

Әлем экономика мен әскери қуат тұрғысынан бірполярлы құрылымнан көпполярлы бағытқа бет алып келеді, деп хабарлайды 24kz.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қазіргі жағдайға қатысты осылай деп мәлімдеді. Өйткені кедендік тарифтер арқылы өршіген сауда соғысы экономикаға үлкен сынақ. Десе де, түрік басшысы Анкара тарифтері төмен елдердің қатарында екенін атап өтті. «Сондықтан бұл кезеңді де оңай еңсереміз», - дейді ол.

Режеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:

- Бизнес әлемі тыныш болсын, ал азаматтарымызды сабырлы болуға шақырамын. Орта және ұзақмерзімді перспективада Түркия өзге елдерге қарағанда аз зардап шегіп, даму қарқынын көрсете алатынын болжап отырмыз. Біріншіден, экспортымыздың 62%-ін еркін сауда келісімдері жасалған елдермен жүзеге асырамыз.  Біздің жалпы қарызымыз ұлттық табысымыздың 93%-ін құрайды. Сонымен бірге Түркия мықты инфрақұрылым, өндіріс түрлерінің әралуандығы және қызмет көрсету саласындағы жоғары әлеуетімен оң нәтиже көрсетіп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz