RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ қытай тауарларына баж салығын 125% көтерді

10.04.2025, 09:45 536

АҚШ Қытай тауарларына салынған баж салығын 125%-ке көтерді.

Бұл туралы Дональд Трамп әлеуметтік желісінде жариялады. Осыған дейін Ақ үй басшысы шығыстағы көршімізге салықты үсті-үстіне салып, оның көлемін 104%-ке дейін жеткізген еді.

Мұның қарымтасы ретінде Қытай америкалық тауарларға әуелде 34% салық салды. Енді қосымша 84% енгізді. Трамп: «Бейжің Вашингтонмен сауда келісіміне отырмайынша, қытай тауарларына салынатын баж салығы өзгермейді», - деп мәлімдеді. Ал Қытай АҚШ-ты текетіреспей, қос тараптың мүддесін ескере отырып, ортақ келісімге келуге шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz