RU
Толық нұсқаға өту

Оңтүстіккореялық компаниялардың акциялары күрт қымбаттады

10.04.2025, 11:15 438

Трамптың баж салығын уақытша тоқтату туралы шешімінен кейін оңтүстіккореялық акциялардың бағасы күрт өсті, деп хабарлайды 24kz.

Оңтүстік Корея – АҚШ-тың негізгі сауда серіктестерінің бірі. Сондықтан ресми Сеул үшін жаңа тарифтер 10%-ке дейін төмендетіліп, 90 күнге тоқтатылады.

Владислав Цой, тілші:

- Оңтүстіккореялық компаниялардың акциялары бүгін күрт өсті. Корей қор биржасының негізгі индексі KOSPI 5,15%-ке көтерілді. Еске салайық, бір күн бұрын KOSPI 17 айдағы минимумға дейін түскен болатын. Сондай-ақ оңтүстіккореялық вонның құны қымбаттады. 1 АҚШ доллары үшін 1457 вон ұсынылды. Бұл өткен сәрсенбімен салыстырғанда 27 вонға артық. Samsung Electronics акциялары 5,66%-ке, ал жартылай өткізгіштер өндіруші компаниялардың акциялары 12,5%ке өсті.

Ольга Эм, инвестициялық сарапшы:

- Дегенмен, дәл қазір Samsung Electronics немесе SK Hynix, SK Telecom сияқты компаниялар өте жақсы өсіп жатыр, себебі бірінші тоқсан аяқталды және осы компаниялар бірінші тоқсан бойынша есеп берді, ал табыс инвесторлардың және компанияның күткенінен асып түсті, және бұл қазіргі уақытта пайда деңгейіне жақсы әсер етуде. Көптеген компаниялар, мысалы, микрочиптер немесе жартылай өткізгіштер сатып алатын компаниялар, сондай-ақ қазіргі кезде жасанды интеллект тақырыбының өзегі болуына байланысты алдын ала сатып алулар жасады, бұл олардың табыс деңгейіне жақсы әсер етеді.

Оңтүстіккореялық компаниялардың акциялары сонымен қатар елдегі президент Юн Сок Ёльге импичмент жариялануына байланысты саяси дағдарыс аяқталғаннан кейін өсіп жатыр. Енді кейбір бағалы қағаздардың құны консервативті немесе либералды партияның кандидатының сайлауда жеңіске жетуіне байланысты болады. Қазіргі таңда либералды кандидат Ли Дже Мённың рейтингі жоғары.

Ольга Эм, инвестициялық сарапшы:

- Біздің компания портфельде қарауды ұсынады. Бұл демократтар партиясымен байланысы бар компаниялар. Мен мұнда біршама даулы ой айтқым келеді, яғни, Kakao компаниясының акциялары қазір өздерін жақсы сезінеді. Жалпы иелері демократтармен байланыста екені құпия емес.

Владислав Цой, тілші:

- Дегенмен, Оңтүстік Корея үкіметі Трамп шешімнің тек баж салығын 90 күнге дейін кейінге қалдыру екенін түсінеді. Сондықтан бүгін ел үкіметі жергілікті жартылай өткізгіш өнеркәсібін қолдау шараларын жедел әзірлеу туралы мәлімдеді. Мысалы, бұл материалдар мен компоненттерге арналған шығындарды төмендетуге арналған ваучерлер беру және корейлік компанияларға чиптерді Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспорттауға көмек көрсету болуы мүмкін.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz