RU
Толық нұсқаға өту

Оңтүстік Кореяда Азия қазақтарының II құрылтайы өтті

10.04.2025, 12:44 732

Оңтүстік Кореяда қазақ әндері шырқалып, ұлттық ойындар мен тағам түрлері көпшілікке ұсынылды, деп хабарлайды 24kz.

Сеулге жақын орналасқан Ёнин қаласында қазақ ауылы бой көтерді.

Шаһардағы Хангук шет тілдер университетінде Азия қазақтарының екінші құрылтайы өтті.

Владислав Цой, тілші:

- Хангук университетінің спорт алаңы жәрмеңкеге айналды. Мұнда Кореяда тұратын қазақ кәсіпкерлер өз тауарларын ұсынды. Жергілікті тұрғындарға асық ату, ләңгі және арқан тарту сияқты ұлттық ойындар таныстырылды. Отандастардың алдында белгілі Қазақстан әртістері өнер көрсетті.

Тұрлан Жанесенов, Корея қазақтарының «Номад» қауымдастығының атқарушы директоры:

- Осы құрылтайға, наурызға 200-ден астам адам келген. Сингапурдан Малайзиядан, Оңтүстік Корея, Жапониядан, Қазақстаннан да келген. Елшіліктің қоладуымен осы Наурыз құрылтайы әдемі болған. Көріп тұрсыз, ресми конкурстар, әншілер.

Этнограф Айгерім Мұсағажинова Астанадан Кореяға 50 келіден астам ет, дәнді-дақылдар және сүт өнімдерін әкелді. Құрылтайға қатысушылар қалақайда қақталған қазы, ысталған жая қосылған наурыз көже, бидай, тары, ірімшік және түйе сүтінен арнайы ферментация әдісімен жасалған балқаймақтан дәм татты. Айгерім Мұсағажинова қазақтың ұлттық тағамдарының рецептін қалпына келтірумен 17 жылдан астам айналысып келеді. Бұл – оның құрылтайға екінші рет қатысуы. Шетелдегі қазақтардың тарихи Отанына деген сағынышын жақсы түсінеді. Бірнеше жыл бұрын Айгерім Қазақстанға Ресейдің Алтай өңірінен көшіп келген. Өткен жылы ол еліміздің ізгі ниет елшісі мәртебесіне ие болды.

Әйгерім Мұсағажинова, этнограф:

- Мен Гонконгте де, Түркияда да болдым. Қай елде болмасын, тасшөп немесе тарыдан шай қайнатып берсем де, үстіне сары май құйылған ыстық нан жегенде адамдар үйін, анасының қолын, әжесінің иісін еске түсіреді. Бұл – балалық шақпен, туған үймен байланысты ерекше эмоциялар.

Азия қазақтарының екінші құрылтайы Қорея тұрғындарының есінде ұзақ сақталады. Ал қазақ диаспорасына бұл шараны ұлттық киіз үй еске салмақ. «Қоржын» жобасы аясында «Отандастар» қоры кореялық қандастарға киіз үй сыйлады.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz