Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясы аясындағы міндетті орындауға кетіп бара жатқан екінші ұлттық контингент.
Бүгін Алматыда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында оларды салтанатты жағдайда шығарып салды. 139 әскери қызметкер бір жыл бойы БҰҰ контингентінің жауапкершілік аймағында бітімгершілік міндетін атқарған қазақстандық әріптестерін ауыстырады. Олардың барлығы арнайы дайындықтан өткен. Контингенттің жеке құрамын ауыстыру екі кезеңде жүзеге асады. Алдымен барғандар аймақтағы жағдайды түгел зерттеп болған соң, техника мен құрал жабдықты алып соңынан екінші топ аттанады. Әскери қызметкерлердің барлығы өз еркімен баруға ниет білдіргендер. Еске сала кетейік, Голан биіктігі - Израиль мен Сирия арасындағы даулы аумақ. Теңіз деңгейінен мың метрден астам биіктіктегі 2 мыңға жуық шаршы шақырымдық вулканды таулы үстірт.
Жәнібек Нұрланов, Екінші ұлттық бітімгершілік контингентінің командирі:
- БҰҰ-ның персоналдарын тасымалдап алып жүру және де посттарда тұрған басқа бітімгершілерді біздің тапсырма басқа жаққа эвакуациялау жағдай болған кезде ол жаққа көмекке барып. Оларды күшейтеміз болмаса басқа орындарға қауіпсіз орындарға эвакуация жасаймыз. Медиктер жәрдем көмегін көрсетеді. Саперлар бар, олар жарылғыш заттарды тауып, орындарына апарып жарып сондай міндеттерді атқарады.
Тегтер #Қазақстан #бітімгер #Голан жотасы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz