Нью-Йорктің Манхэттен ауданындағы Гудзон өзеніне тікұшақ құлап, 6 адам ажал құшты. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құрбандар арасында 3 бала бар.
Қайғылы оқиға орнында полиция мен төтенше қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр. Президент Дональд Трамп апатты сұмдық жағдай деп бағалады. Қала билігі тікұшақта ұшқыш және Испаниядан келген турист отбасымен болғанын айтады. Әзірге қайғылы оқиғаның себебі белгісіз. Әуе кемесі қаланың үстімен ұшып, туристерді қыдыртатын компанияға тиесілі екен.
Естеріңізге сала кетейік, таяуда ғана Вашингтондағы Рейган атындағы әуежай жанында ұшақ тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлаған еді.
Тегтер #Нью Йорк #тікұшақ апаты #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz