Франция билігі Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындауға ниетті. Тиісті шешім маусым айында қабылдануы мүмкін. Мұны Франция президенті Эммануэль Макрон France 5 телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, Париж билігі Сауд Арабиясымен бірігіп, жазда халықаралық конференция ұйымдастырады. Жиында Палестинамен қатар Израильді тәуелсіз мемлекет ретінде мойындау мәселесі көтерілмек. Франция басшысы бұл шара Таяу Шығыстағы қақтығысты бейбіт реттеуге мүмкіндік береді деп есептейді.
Айта кетейік, Палестинаны БҰҰ-на мүше 193 елдің 150-ы мойындаған. Ал Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, Сирия және Йемен Израильді тәуелсіз ел ретінде әлі таныған жоқ.
Тегтер #Франция #Палестина #Израиль #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz