RU
Толық нұсқаға өту

Әлемдегі ең ауқатты адамдардың байлығы 304$ млрд өсті

11.04.2025, 07:35 966

Илон Масктің байлығы 36 млрд долларға артты. Tesla компаниясының құнды қағаздары 23%-ке қымбаттаған.

Сонымен бірге Meta корпорациясының басшысы Марк Цукербергтің капиталы 26 миллиард, ал Nvidia компаниясының жетекшісі Дженсен Хуангтың байлығы шамамен 16 миллиард долларға көбейді. Сөйтіп, әлемде қисапсыз байлыққа кенелген кәсіпкерлердің айы бұл жолы да оңынан туды.

Блумбергтің хабарлауынша, Дональд Трамптың баж салығын 90 күнге шегеру туралы шешімінен кейін әлемдегі алпауыттардың байлығы бір күнде 304 миллиард долларға өскен. Өйткені нарықта акциялар қымбаттады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz